«Next generation» Алматыда в Алматы
Развлечения

«Next generation» Алматыда

Алматы
Даты: 02.05.2026 18:00 — 02.05.2026 20:00

Краткое описание

Гастрольная сцена филармонии им. Жамбыла · г. Алматы, ул. Калдаякова, 35

Условия / детали

Елордалық филармонияның Камералық хоры Алматыда өнер көрсетеді!Құрметті достар! Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары! Қаланың мәдени өміріндегі жарқын оқиғаны жіберіп алмаңыздар!2026 жылғы 2 мамыр күні сағат 18:00-де Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының концерт залында Астана қаласындағы Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның халықаралық конкурстар лауреаты Камералық хоры өнер көрсетеді. Хор өнерін сүйетін барша көрерменге ұжым «Next Generation» концерттік бағдарламасын ұсынады.Бұл концерт әртүрлі елдер мен мәдениеттердің заманауи хор өнерімен жақынырақ танысуға мүмкіндік береді. Бағдарламада Еуропа мен Азияның ұлттық композиторлық мектептерінің шығармалары орындалады. Әлемнің әр түкпірінен жиналған музыка өнерде шекара жоқ екенін дәлелдейді. Ол барлық елде бірдей тыңдарманға түсінікті әрі жанына жақын.Шығыстың нәзік әуендері, скандинавиялық музыканың ұстамды сұлулығы және қазақ даласының поэтикалық бейнелері Камералық хор концертінде тоғысып, Сіздерді әсерлі музыкалық саяхатқа алып шығады. Камералық хор концертін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор, көркемдік жетекші және бас дирижер Гүлмира Құттыбадамова басқарады. Оның жетекшілігімен хор ұжымы кәсіби шеберліктің биік белестеріне көтеріліп, еліміздегі үздік хор ұжымдарының бірі ретінде танылды.Бас хормейстер – Данара Ташатова. Концертмейстер – Гүлден Базыкен.«Next Generation» бағдарламасы – бұл тек әр елдің әсем хор шығармалары ғана емес, сонымен қатар жаңа буын орындаушыларының энергиясы, таланты және көркемдік ойлауы.Хор музыкасының ғажайып әлеміне еніп, шабыт алыңыз – концертке келіп, осы музыкалық оқиғаның бір бөлігіне айналыңыз!

Цена
2 500
Источник
ticketon.kz Ticketon.kz
Обновлено: 07.04.2026 04:00
Вариант посмотрели: 3 раз (с 7 апреля)