Анасын іздеген Мамонт
Краткое описание
Государственный театр кукол Алматы · ул. Пушкина 63
Условия / детали
Сонау Антарктиданың мұзды аралында керемет таңғаларлық оқиға орын алды. Күндердің бір күнінде сан мыңдаған жылдар бойы ерімеген мұз еріп, ішінен қашан дүниеге келгені белгісіз кішкентай мамонттың баласы пайда болады. Алпауыт әлемде анасын жоғалтқан кішкентай мамонттың мұхит асып ерлікпен мақсатына жету жолындағы таңғажайып оқиғасы тұңғыш рет қуыршақтар образымен әрленіп ерекше әсерге бөлері анық. Ертегі кішкентай бүлдіршіндерге ғана емес ересектер жан дүниесін де сәуле себер сәттерімен баурап, мейірімділікке, жанашырлыққа, батылдық пен мақсатшылдыққа тәрбиелейді.Рөлдерде:Мамонт – Эльмира КумароваПингвин, Маймыл, Піл – Амина ОмароваҮкі, Сусиыр әже – Әсем ӘбдімауленоваАрыстан патша – Мейрхан БатырхановМорж ата, Барлаушы керік – Бақытжан КаюовҚонжық, Маймыл – Шохан ҚұлназаровПингвин – Бейбарыс ЖанабайПингвин, Маймыл – Өркен Жұма