«Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей - қорығы в Алматы
Развлечения

«Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей - қорығы

Алматы
Даты: 23.04.2026 09:00 — 31.05.2026 10:00

Краткое описание

Музей «Есік» · г. Алматы, село Өрікті

Условия / детали

Өткізу орны:Алматы қ., село Өрікті, «Есік» мұражайыЖұмыс кестесі:Дүйсенбі-жексенбі, 09:00 - 18:00Ұзақтығы:45-60 минЖас шектеуі: жоқҚосымша:Экскурсия бес тілде жүргізіледі: қазақ, ағылшын, орыс, түрік, қытай. Экскурсанттардың бір тобында 1-20 адамға дейін. Экскурсия мақсаты Қазақстанның тарихи және рухани ескерткіштерін халыққа насихаттау, сақталуы мен қорғалуына үлес қосуға шақыру, тарихи баяндау, мән-мағынасын түсіндіру. Экспозициялық залдар мен көрмелер бойынша экскурсия мәтіні бекітілген«Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы 1970 жылы сақ ханзадасы жерленген обадан табылған аумақта, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылдың 30 қаңтарындағы №43 Қаулысына сәйкес, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен іске асқан «Мәдени мұра» Стратегиялық ұлттық жобасы аясында құрылды.Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі – еліміздің мәдени туризмін дамытуда стратегиялық маңызды обьектілердің бірі. 2013 жылдың 09 тамызында Алматы облыстық мәслихатының №21-133 шешімі бойынша «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің 422,7 га қорғау аймағы белгілген. Бүгінгі таңда аталмыш қорғау аймағына Алматы облысы әкімдігінің Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында орналасқан тарих және мәдениет ескерткіштерінің қорғау аймақтарының, құрылыс салуды реттеу аймақтарының және қорғалатын табиғи ландшафты аймақтарының шекараларын бекіту туралы 2024 жылғы 17 желтоқсандағы № 372 қаулысына сәйкес «Есік І» қорымдарына жататын 112 оба мен Рахат археологиялық кешенді ескерткіші кіреді. 2018 жылдың 26 маусымда Алматы облысы Талғар ауданы әкімдігінің N06-330 қаулысымен ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне енгізілген Ортағасырлық Талғар қала жұртының (20,8 га) аумағы «Есік» музей-қорыққа тұрақты пайдалануға берілді.Музейдің негізгі қызметі – тарихи-мәдени мұра нысандарын қорғау және сақтау мақсатында ғылыми-зерттеу, мәдени-біліми және туристік қызметтерді ұйымдастыру, тарихи-мәдени насихаттау. 2011 жылдан бастап музей-қорығы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігініңқаржыландыруымен ғылыми-қолданбалы, ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша бағдарламалық-нысаналы жобаларын да іске асыруда. Сонымен қатар, жыл сайын тақырыптық дәрістер, семинарлар, экспедициялар, «Есік оқулар» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын және басқа да музейлік шараларды тұрақты түрде өткізіп келеді.«Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында «Сақтардың тарихы мен мәдениеті», «Алтын адамның ашылу тарихы», «К. Ақышевтың арналған көрме залы» және «Уақытша көрмелер залы» атты 4 экспозициялық залы мен Алтын адамды алғаш ашушылардың бірі – археолог Бекмұханбет Нұрмұханбетовтің мемориалдық бөлмесі бар.«Есік» музей-қорығы 2023 жылы үшінші рет ғылыми субъекті ретінде аккредиттеліп, 2011 жылдан бастап лицензия археологиялық қазба жұмыстарын жүргізіп келеді. Музей-қорығы отандық және шетелдік көптеген ғылыми-мәдени ұйымдармен байланыс орнатқан. Музей-қорыққа келушілер сағат 9:00-18:00 аралығында, аптаның барлық күндері келіп тамашалай алады. Музей-қорықты тамашалау барысында келушілер түсіндірілген ережелерді сақтауға тиіс: тазалықты, тыныштықты сақтау қажет, музей заттарына зиян тигізбейтіндей сөрелерден бір қадам артқа тұру, жәдігерлерді қолмен ұстамау, суретке түсу барысында жарықты жиы қолданбау және т.б. Ұжымдық келушілерге экскурсиялық қызмет көрсету (топта 10 адамға дейін)- қазақ және орыс тілдерінде – 1500 тг-шетел тілінде – 3000 тг- мектеп жасындағы балаларға қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде – 800 тг-тематикалық экскурсия – 1000 – 1500 тг-көрме өткізу – 10 000 тг-тематикалық лекция – 5 000 тг- фото және видео түсірілім жүргізу – 15 000 - 30 000 тгТМД елдерінің шетелдік азаматтарына – 1 500 тгӨзге мемлекеттердің шетел азаматтарына – 2 000 тг

Цена
200
Источник
ticketon.kz Ticketon.kz
Обновлено: 23.04.2026 04:00
Вариант посмотрели: 22 раз (с 23 апреля)