Махаббат, қызық мол жылдар
Краткое описание
ТЮЗ им. Г. Мусрепова · Алматы
Условия / детали
Өтетін орыны: Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы 38, Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры Премьера күні: 19,20,26 маусым 2021 Автор: Ә. Нұршайықов Қоюшы режиссёр: Фархад Молдағали Қоюшы суретші: Айдана Бисембаева Жанр: Драма Ұзақтығы: 2 сағат 30 минут Жас санаты: 16+ Қосымша: Құрметті көрермендер, біздің қонақтарымыз бен әртістерімізге кедергі келтірмеу үшін, спектакль басталғаннан кейін 18:45-те есіктер жабылады «Махаббат, қызық мол жылдар» шығармасын білмейтін жан кемде-кем шығар. Бірақ, бұл жолғы сахналық туынды басқа. Ә. Нұршайықовтың әйгілі романы желісінде екі жас: Ербол мен Меңтай арасындағы махаббат туралы баяндалар оқиға арқауы, бұл жолы режиссер – Фархад Молдағалидың бүгінгі күнге сай көзқарас, ой-шешімдері арқылы жаңаша, өзгеше өрбиді. Жаңаны көруге асығайық, қадірлі көрермен!