Менің атым Қожа в Алматы
Развлечения

Менің атым Қожа

Алматы
Даты: 15.05.2026 14:30 — 15.05.2026 16:30

Краткое описание

Государственный театр кукол Алматы · ул. Пушкина 63

Условия / детали

Қазақтың заңғар жазушысы, балалар әдебиетінің классигі – Бердібек Соқпақбаевтың әйгілі «Менің атым Қожа» повесі қуыршақ театры сахнасында жаңаша сипат алып, көрермендермен қайта қауышпақ.Балалық шаққа тән тентектік пен адалдықты қатар суреттейтін спектакльде ауыл баласы Қожаның қызыққа толы оқиғалары баяндалады. Оқу озаты болса да тәртіпсіз таныла беретін Қожа мұғалімін, жақсы көретін сыныптасын, әжесі мен анасын ренжітіп, қателігінің жүгін көтере алмай, жылқышының баласы Сұлтанға қосылып, жайлаудағы той-томалаққа барып көңіл көтеруге бел буады...Спектакль барысында Қожа өз қателіктерін түсініп, жауапкершілікке, кішіпейілдікке, мақсатшылдыққа ден қояды. Мейірім мен ізгілікке тәрбиелейтін бұл спектакль көрермендердің көңілін көтеріп, терең ойларға жетелейді.Рөлдерде:Қожа – Ерсұлтан ТезекбайСұлтан – Дәулет БақытЖанар – Қаламқас БекеноваЖантас – Ернар ОраловМайқанова – Ханшайым СеріковаСайбек қарт – Мадияр Ұлдахан

Цена
2 000
Источник
ticketon.kz Ticketon.kz
Обновлено: 23.04.2026 04:00
Вариант посмотрели: 16 раз (с 23 апреля)